Өзбекстандағы мешіттен 27 мың доллар ұрланған

/uploads/thumbnail/20170709010807838_small.jpg

Әндіжандағы мешіт қызметкерлері пітір-садақадан және діни басылымдарды жаздырудан түскен 173 миллион сумды (27 мың доллар) талан-таражға салды деп айыпталуда. Соңғы бірнеше жылдағы қаржылық талан-таражды бухгалтерлік тексеру анықтаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

«Холид ибн Валид» мешітінің қызметкерлері келушілерден «Хидоят» («Ақиқат жолы») және «Ислом нури» («Ислам нұры») басылымдарына жазылуды сұраған және ақшаны қолма-қол өздері жинаған. Одан бөлек, мешітке келушілерден зекет пен пітірге ақша алған.

Тексерушілердің бірінің айтуынша, түбіртектер жазылып отырғанымен, 173 миллион сум бухгалтерлік дәптерге жазылмаған және банктегі есепшотқа түспеген. мешіт қызметкерлері ақшаны мешіт ғимаратын жөндеуге жұмсағандарын айтуда. Және түскен ақша бойынша құжат толтырмаған бұрынғы бухгалтерді кінәлайды.

Кей дерек бойныша, мешітке түсетін қаржының жылдық көлемі 100 миллион сумнан (шамамен 15,5 мыңАҚШ доллары) асады. Жергілікті тұрғындар мешіт имамынан ақшаның расымен де жөндеуге жұмсалғанын дәлелдеуді талап етуде.

– Ақшаның ешқандай жөндеуге жұмсалмағаны ақымақ жанға да түсінікті. Олай болған жағдайда, келушілерге жұма намазы кезінде бір ауыз айтар еді. Қаржыны қалтасына басқандар жауапқа тартылуы керек, – дейді намазхандардың бірі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар