Сауд Арабиясында тұратын отбасылық психолог әйелдерді «дұрыс сабау» туралы видеокурс әзірледі, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Психолог ол курста әйелге қол көтермес бұрын оған «өзінің міндеттері мен құқықтарын» ескерту қажеттігін айтады. Соққыны да ашуға берілмей жасауға кеңес береді.
Психолог Халед әл-Сақабидың бұл видеокурсы Таяу Шығыс БАҚ-тарын зерттеу институтының YouTube желісіндегі арнасында жарияланды. Курс психологтың «Әйелдерді қалай ұру керектігі бір жақты емес әрі қиын сұрақ. Мұнда тәжірибесіздер көптеген қауіп-қатерге тап болуы мүмкін» деген сөздерімен басталады.
Әл-Сақаби әйел сабау сабағында тыңдармандарына әйелді тәртіпке шақыру үшін ұру керектігін айтады. Оның айтуынша, мұны ашуға берілмей, «ислам ережелерін сақтай отырып» жасау керек. «Тәрбие жұымыс» кезінде таяқ және өткір құралдарды пайдалануға болмайды, бірақ, таяқ орнына мисуак немесе бет орамалдан есілген жіп қолдануға рұқсат етілетін көрінеді.
Психолог «көптеген еркектердің әйелдерін таяқпен сабайтынынына» қынжылыс білдіріп, мұның ең алдымен әйелді күйеуіне қатысты қателіктерін түсінуге шақыратын тәрбиелік шара екеніне назар аудартады.
Сондай-ақ, психолог «Өкінішке орай, қазір көптеген әйелдер өздерін ерлермен тең санағысы келеді. Бұл өте үлкен проблема» дегенді айтады.
Пікір қалдыру