Біздің қоғам байлығы тасыған тайпадағы ыңыршағы шыққан бір кедейдің сұлу әрі тәкәппар қызы сияқты. Ешкімді менсінбейді. Ешнәрсеге көңілі толмайды. Ештеңені жаратпайды. Ең сорақысы, өзін қорсынады. Ал, уақыт деген зырылдап өтіп жатыр. Осы "қыз" ұза-а-а-а-қ отырып қала ма деп қорқамын.