Отандық жеңiл көлiктерге сұраныс азайған

/uploads/thumbnail/20170709045054329_small.jpg

Отандық автоиндустрия – валюта нарығындағы тұрақсыздық пен макроэкономикалық жағдайдың төмендеуiнен ең көп зардап шеккен салалардың бiрi. Биылғы жылдың алты айында отандық жеңiл автокөлiктерге сұраныс 60 пайызға азайған. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоӨнеркәсiп» ЗТБ басқарма төрағасы Олег Алферов жеткiздi, - деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz-ке сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың алты айының қорытындысы бойынша ресми дилерлер 20,8 мың жеңiл көлiк сатқан. Өткен жылдың сәйкес кезеңiнде бұл көрсеткiш 52 мыңды құраған болатын. Жеңiл автокөлiктерге сұраныс 60 пайызға қысқарып отыр. Бұл автоөнеркәсiптегi салалық көрсеткiштердiң қысқаруына басты себеп болды», - деп хабарлады О.Алферов.

Дегенмен, оның айтуынша, мамыр-маусым айларында жағдай түзеле бастаған секiлдi. Сондықтан екiншi жартыжылдықта автоөнеркәсiп көрсеткiштерi жақсарады деген үмiт бар.

«Отандық автоиндустрия – валюта нарығындағы тұрақсыздық пен макроэкономикалық жағдайың төмендеуiнен ең көп зардап шеккен салалардың бiрi. Десек те, бүгiнде бiз жағдайдың түзеле бастағанын байқап отырмыз. Бұл ретте автоөнеркәсiп саласындағы отандық кәсiпорындар көрсеткiштерiнiң төмендеуiне жаңа автокөлiктер нарығындағы белсендiлiктiң төмендеуi себеп болғанын атап өту керек. Егер нарықтағы сатылым көлемi қысқарса, автомобиль шығару көлемi де қысқарады», - дедi ол.

Жалпы, елiмiзде жыл басынан берi 36,6 млрд теңгеге 3 772 автокөлiк шығарылған. Биылғы жылдың қаңтар айында отандық кәсiпорындар 404 көлiк қана құрастырса, шiлде айында бұл көрсеткiш 1136-ға жеткен.

Қатысты Мақалалар