Әрбір табысты адамның артында оны сүйетін, қолдайтын отбасы болатыны белгілі. Шоу-бизнестегі мырза-бикештердің өмірлік серігі көп жағдай сыңарының шығармашылығын қолдау мақсатында «көлеңкеде» қалып қояды. Сонымен, Qamshy.kz ZTB –ге сілтеме жасап, қазақ сахнасындағы жұбын жасыратын жұлдыздарды тізбектейді.
"Арнау" тобының әншісі Салтанат Бақаеваның жолдасы - Нұржан

Салтанатты жолдасы Нұржанмен туған қайынбикесі Дария Жүсіп таныстырған. Бастапқыда жігіт бойжеткенге мән бермеген. Арада бір ай өткен соң ғана телефон шалып, кездесуге шақырған. Содан бері жұптары жазылмаған жас отбасы бүгінде Әмір және Әділ есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр. Бақаеваның жолдасы Нұржанның жеке кәсіппен айналысатыны, ноутбук жқндейтін шағын фирмасы бары белгілі.
Айқынның жары - Әсел Төлепберген

Айқын өзінің жарын ел көзінен көп уақыт жасырып келді. Бұл жұп университет қабырғасында 3 курста оқып жүргенде танысқан. Әсел Айқынға назар аудара қоймаған. Бір күні Айқын фортепианоға отырып, тарта бастағанда ғана бойжеткен болашақ "жұлдызға" көңіл аударған. Бүгінде бұл отбасы екі бала тәрбиелеп отыр.
Әнші әрі продюссер Рано Умарованың жолдасы - Арман

Рано Умарованың жолдасы жұрт назарына ілігуді ұнатпайтындарлдың қатарынан. Сондықтан әнші жолдасымен бірге түскен суреттерін жиі жарияламауға тырысады. Бүгінгі тағда бұл жас ата-ана Әмірхан есімді ұлды тәрбиелеп отыр.
Актер Санжар Мадиевтың жары - Мөлдір Мадиева

Санжардың жары Мөлдір экономист болып жұмыс істейді. Олар кезінде ортақ достары арқылы танысқан. Бүгінде актер әйелін артық әңгімеден қорғау мақсатында жеке өмірі туралы жария ете бермейді.
Әнші Динара Қырықбаеваның жолдасы - Олжас

Әнші Динара Қырықбаева өткен жылдың шілде айында тұрмысқа шыққан болатын. Оны қолына қондырған серінің есімі - Олжас. Тұрмысқа шыққаннан кейін әнші сахнадан уақытша кетіп, өзін толықтай отбасылық өмірге арнаған. Бүгінде кішкентай қызы бар әнші мерекелік шараларды ұйымдастыру агенттігін ашып алған.
Әнші Бейбіт Кушкалиевтің жары - Мақпал Дакеева

Бейбіт Кушкалиевтің отбасылы екенін көп адам біле бермейді. Оның жары Мақпал туралы да көп дерек жоқ. Белгілісі бұл отбасы Айша есімді қыз бен Абдуррахман есімді ұл тәрбиелеуде.
Актриса Қарлығаш Мұхамеджанованың жолдасы - Бекболат

Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова 2012 жылы тұрмысқа шыққан. Олың жолдасы кәсіпкер - Бекболат Балғымбаев. Тойға дейін жастар екі жыл кездесіп жүрген. Актриса жолдасы мен жеке өмірін жария ете бермейтіндердің қатарынан.
"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Беспаевтың жары - Мархаббат Беспаева

"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев ұзақ уақытқа дейін жеке өмірі туралы көп жасырды. Оның жары Мархаббат туралы көп нәрсе белгілі емес. Бұл әйел өзін толықтай отбасына арнаған: балаларды тәрбиелеп, танымал жолдасының бабын жасап, үйде отырады.
Әнші Мадина Садуақасованың жолдасы - Олжас

Мадинасы болашақ жолдасы Олжас Смағұловпен 2009 жылы түсірілім кезінде танысқан. Бірден назар аудара қоймаған әншіге Олжас SMS жазып, бір букет гүл сыйлауға рұқсат сұраған.Бәрі осыдан басталып, жастар 2014 жылы үйленген. Олжас Смағұловтың "Хабар" арнасында режиссер болып жұмыс істейтіні белгілі. Бүгінде екі жастың бір баласы бар.
Әнші Нұржан Керменбаевтың жары - Назерке Керменбаева

Нұрдан Керменбаев 2015 жылдың наурыз айында үйленген. Әнші болашақ жарымен Тараз қаласында өткен концертте танысқан. Назерке әншінің туған күніне сыйлық жасау үшін кездескен. Көп ұзамай Нұрдан қызды Алматыға шақырып, анасымен таныстырады. қазір жас отбасы Мүсілім есімді ұл тәрбелеп отыр.
Әнші Мөлдір Әуелбекованың жолдасы - Арыстан

Мөлдір Әуелбекованың жолдасы Арыстан шығармашылықтан алыс адам. Дегенмен жарының шығармашылығына әрдайым қолдау білдіріп отырады. Әуелбекова да әлеуметтік парақшаларына жеке өмірі туралы жаза бергенді жөн көрмейді.
Актер Дастен Шакировтың жары - Ботагөз Исағұлова

"Рекетир-2" фильмі арқылы танылған Дастен Шакиров пен қазақстандық дизайнер Ботагөз Исағұлова өткен жылы бас қосқан. Дастеннің айтуынша, әйел адам ерінің айтқанын істеу керек, өйткені ер - отбасының басшысы. Ботагөз Шакировтер отбасынынң берекесі мен тыныштығын сақтаушы.
Актриса Айнұр Ильясованың жолдасы - Даулет

Актрисаның өзінің айтуынша, жолдасы Даулеттің шоу-бизнеске қатысы жоқ. олар ортақ достары арқылы танысып, табысқан. Айнұр Ильясова да жеке өмірі туралы айта бермейтіндерің қатарына жатады.
Әнші Төреғали Төреәлінің жары - Толқын Мырзакимова

Әнші Төреғали Төреәлі 2014 жылдың соғында Толқын есімді аруға үйленген. Әнші осы уақытқа дейін отбасылы екенін жасырып келеді.