Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов пара алу үстінде ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еділ Сүлейменов 28 шілде күні екі бірдей кәсіпкерден жалпы жиыны 2,1 миллион теңге пара алып жатқанда қолға түскен.
Ұлттық бюроның хабарлауынша, ол алдымен делдалдар арқылы жолдардағы жасанды кедергілерді бұзу жұмыстарының актісіне қол қойғаны және кәсіпкерді жауапсыз орындаушылар реестріне қоспау үшін 1,5 миллион теңге пара алған. Артынан аялдама павильондарын жуып, сырлау жұмыстарының актісіне қол қою үшін 600 мың теңге параны тағы алған.
Екі пара алу оқиғасында пара құны өткізілген мемлекеттік сатып алулар байқаулары сомасының 10 пайызын құраған.
Е. Сүлейменов қазір Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.