«Қазақстан Республикасының ауылшарашылық жерлері шетел азаматтарына 25 жылға жалға берілсін» және «жер қазақстандықтарға жеке меншікке сатылсын», болмаса «митнгіге шығамыз», «Жер сатылмаса өлеміз» деп жүрген бірде, бір адамды көрмек түгелі естігенім де жоқ. Депутаттар мен үкіметте «қалай да қазақтың жері сатылсын», болмаса «жұмыстан кетемін» деп ашық мәлімдеме жазған ешкім жоқ.
Н.Назарбаевтың өзі де «Халыққа керек емес заң маған да керек емес. Заң шенеуініктер үшін емес, xалық үшін шығады» деп заңға мораторий жариялады.
Сонда «жер сатылсын» деп жүрген кімдер болды екен?!
Көп болса әр облыстан көп жер иеленген 10 адам бар десек. Қазақстан бойынша 160 ірі жер иеленуші бар. Қазір 17 миллион xалықтың тағдырынан 160 адамның құлқыны артық болып тұр ма? Сонда біз не істеп, кіммен күресіп жүрміз?!...
Жәнібек Қожықтың Фейсбуктегі парақшасынан алынды