Соңғы кезде джихадшылардың үндеуін жүзеге асыру мақсатында «Ислам мемлекеті» ұйымы (ДАИШ - ҚР аумағында заңмен тыйым салынған ұйым - ред) жақтастарының Еуропа елдерінде жасаған террорлық шабуылдары жиілеп кеткендігі белгілі. «Ислам мемлекетінің тобы Францияға соғыс жариялады. Мен сіздерге шындықты айтуға міндеттімін: бұл соғыс ұзаққа созылады», - деді ел Президенті Франсуа Олланд Сент-Этьен-дю-Руврэ қалашығындағы шіркеу маңында сөйлеген сөзінде. Бұл Qamshy.kz туралы хабарлайды.
Сейсенбі күні Францияда христиан шіркеуіне екі ер адам басып кіріп, 86 жастағы священикті мерт қылған. «Сегодня. ua»-ның жазуынша, бұл Франция тарихында исламистер тарапынан христиан шіркеуіне жасаған алғашқы терракт.
«Daily Mail» таратқан мәлімет бойынша, соңғы екі жылда Еуропада террористер қолынан 443 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Биылғы жылдың басынан бері 172 адам дүние салған. Қаза тапқандардың көбісі (155) Парижде, одан кейін тізімде Анкара (102) мен Ницца (84) тұр. Париж бен Ниццадан бөлек Францияның Маньянвиль, Руан, Лион сияқты шаһарларының тұрғындары да террорлық әрекеттен жапа шеккен.