Бүгін Алматыда Сафар Шәкеевті ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде марқұмның әкесі ұлын іздеуге атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.
Марқұмның жаназасы Алматыдағы «Қазақконцерт» шығармашылық бірлестігінің ғимаратында өтті. Шараға жиналғандар марқұмның отбасына көңіл айтты.


«Оның өмірлік жоспарлары көп болатын. ол Американың кино институтына түсуге оқталып жүрді. Бірінші турдан өткенімен, әлі 3 жыл тәжірибе керек болды», - деген Еркеш Шәкеев жиналған жұртқа алғыс білдіріп, достық, сүйіспеншілік ұғымдарын жоғары бағалау керектігін жеткізді.

«Сафар керек емес жерге, керек емес уақытта барып қалды (...) Сіздердің балаларыңыз досты дұрыс таңдасын, аурасы нашар адамдармен дос болмасын. Олар бірден білінеді (...). мен біздің жағдайымыздан, бастан кешкен қиындықтарымыздан сабақ алып, сіздердің бір-бірлеріңізді жақсы көргендеріңізді қалаймын. Бұл өмірде махаббаттан басқа ештеңе жоқ, қалғанының бәрі иллюзия, жалған ұғымдар. Менің әкелік, ағалық кеңесім: бір-біріңізді жақсы көріңіздер, құшақтаңыздар, сүйіңіздер, достарыңызды бағалаңыздар», - деді ол.
