Белсенді Мәсімовтің үстінен шағым түсірді

/uploads/thumbnail/20170709045142564_small.png

Жақында «Азаматтық патруль» белсендісі Премьер-министрдің үстінен ІІМ-ға шағым түсірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Abai.kz - ке сілтеме жасап.

Бұл туралы motor.kz жазған.

Аталған сайттың жазуынша, белсенділер ҚР Үкімет басшысының жол ережесін өрескел бұзғандығы үшін, әкімшілік жазаға тартылуын талап еткен. Шағым иесінің талабында ҚР Премьер-министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Халықаралық автомагистральда велосипедпен жүрген.

«Екі күн бұрын Премьер-министрдің «Instagram» желісіндегі жеке парақшасында автомагистраль үстінде велосипед теуіп жүрген суреті жарияланды. Ал суреттің  төменгі жағында «велосеруен» деп жазылған. ҚР Жол жүру ережесінің 16.1.1 тармағында автомагистральдерде велосипедпен жүруге тыйым салынған. Сондықтан Қазақтан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынуы керек», - делінген шағымда.

Портал мәліметіне сүйенсек, «Азаматтық патруль» белсендісінің шағымын ҚР ІІМ-і электронды үкіметтің порталына тіркеп қойған.

Қатысты Мақалалар