Алматыда «сақалды» жігіт жол үстінде сойқан салды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709045152830_small.jpg

Біраздан бері Астананың да көп көшесі бірбағытты жүру ережесіне көшкен болатын. Желтоқсан, Әуезов, Кенесары, Абай көшесі қазір бір бағытта ғана қызмет көрсетеді. Мына төмендегі видеода Алматы қаласындағы бірбағытты көшелердің бірінде қарсы бетке шығып кеткен жігіттің ерегесі бейнеленген, - деп хабарлайды Qamshy.kz baq.kz – ке сілтеме жасап.

Айтпақшы, видеода «сақалды серінің» аузынан шығатын боқауыз сөздер барын ескертіп қояйық!

Сонымен қатар, бұл видеоны бөліскен Екатерина Сағымбаева есімді әлеуметтік желі қолданушысы былай деп жазады:

«Мына оқиғаны сіздермен бөліскім келеді. Бүгін кешкі сағат 17:40 шамасында күйеуіммен бірге Сарыарқа кинотаетры мен базардың ортасындағы бірбағытты жол белгісі қойылған көшемен келе жатқанбыз. Қарсы беттен бір ер азамат өз көлігімен қарсы жолығып, бізден өзін өткізуімізді сұрады. Қалай болғанын видеодан көріп аларсыздар» - делінген Екатеринаның жеке парақшасында.

Ерегесіп тұрған жігіттің шоқша сақалына, қысқа балағына қарап, намаз оқуды "мода" қылғанын байқау қиын емес. Десе де, осындай өркөкірек азаматтардың кесірінен қазақ жігіттердің абыройына нұқсан келіп жатқаны өтірік емес. Ал сақал қойғандардың барлығы салиқалы, шолақ балақтың барлығы шіркін-ай еместігін осыдан көруге болады.

Қатысты Мақалалар