Германия салафизмге тыйым салмақ

/uploads/thumbnail/20170709045224549_small.jpg

Германияда Төменгі Саксон полицясы Хильдесхайм қаласындағы салафиттік ұйымның сегіз жетекшісінің пәтерлеріне тінту жүргізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz muslim.kz – ке сілтеме жасап.

«Соңғы бірнеше ай ішінде біз дайындық жасап, аталмыш ұйымға тыйым салу үшін тінту жүргізуді қолға алдық», - деп мәлімдеген Төменгі Саксония Ішкі істер министрі Борис Писториус.

Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Deutschsprachiger Islamkreis Hildesheim (DIK) салафиттік ұйымы мұсылмандар арасында діни сенімге байланысты жеккөрушілік сезімді қоздырушы семинарлар мен уағыздар өткізеді.

Ұйым жетекшілерінің үйін тінту операциялары сәрсенбі күні аяқталды. Операция қорытындысы әзірге жарияланбады.

Қатысты Мақалалар