Оғаш қылық танытып көзге түскен жұлдыздардан кімді білесіз? Бұл сұраққа 31-арнадағы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасы жауап іздепті.
Шоу-бизнесте даңқ пен дақпырттың салқыны тиіп, басы дауға қалған танымал жұлдыздар жетерлік. Осыдан бірнеше жыл бұрын спортшы жігітпен жұдырықтасқан әнші Бейбіт Қорған бар. Ал мына кадрлер Қайрат Түнтековтің жадында мәңгі қалатыны анық. Себебі, әнші жол апатын жасап, соның салдарынан бірталай шығынға батқан болатын. Ал, 2014 жылдың жаз айында "Дауыс International" тобының экс мүшесі Жадыра Құтпанова өзіне көпшіліктің назарын аударды. Ол көлікті ішімдікке тойып алып жүргізген. Тіпті, бойжеткен полиция қызметкерінің бірінің қолын тістеп, енді бірінің шалбарын жыртқан.
Жақында ел ішіндегі әңгімеге айналған өнер жұлдыздарының қатарына әнші Төреғали Төреәлі де қосылды. Шымкент қаласында кілем фабрикасында бір тілшінің жасаған ескертуі шамына қатты тисе керек, Төреғали сұхбат беруден бас тартады. Әншінің бұл әрекетін естіген әріптестерінің бірі оны қолдап жатса, енді бірі сынға алып жатты.
Қыдырәлі Болман, продюсер:
- Біз бір робот сияқтымыз. Жүрегіміз жоқ, ойланбайтын, қиналмайтын, жағдайымыз жоқ адамдар сияқтымыз да, мұңсыз, қайғысыз, әр адамның көңіл-күйі болады.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
- Мәдениетті көтеріп жүрген айтысқа қатысып жүрген мен түсінемін егер ол орысша жігіт болса, қазақ тілін жақсы біледі, қыз балаға дөрекілік көрсеткені менің жүрегіме ауыр тиеді.
Сахнада 40 жылдан астам уақыт өнер көрсеткен Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясовабүгінгі жас өнер иелері сынды ерке мінезімізді сыртқа шығарып көрмеппіз дейді. Тіпті, танымал екенін әнші енді ғана сезініп жүргенін жеткізді.
Майра Ілиясова, әнші:
- Өзіміздің атақты екенімізді енді сезініп жатырмыз. СКЛ Астанадан қатты білінеді. Алматыда тұрғанан кейін күнде көріп жүрген сияқты. Ал, Астанада сыртыңнан жүгіріп келеді, сыртыңнан келіп құшақтайды.
Бір кездері атынан ат үркетін «Бауыржан - шоу» әзіл-сықақ театрының белді актрисасы Бақыт Әліпбаева жиі дау-дамай шығарып, «жұлдыз» атанып басына қонған бағын бағаламайтындарды еш түсіне алмайды екен.
Бақыт Әліпбаева, «Бауыржан-шоу» сықақ театрының актрисасы:
- Бізде ондай көкірек көтеру, тіпті жұлдыз болғанды да шынында айтсақ сезінген де жоқпыз.
Әнші Меруерт Түсіпбаева өнер жолында қазіргідей деңгейге жету үшін біраз қиындық көргенін де жасырмайды.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
- Не киіп шығамын деп жүретінбіз. Қалтамызда ақшамыз жоқ болатын.
Шоу-бизнеске сәтті жобаларымен өзгеріс енгізген продюсер Қыдырәлі Болманов та өзін тым қарапайым ұстайтын болып шықты. 20 жылдан бері шаш үлгісін тек бір ғана шаштаразға жасататынын айтады.
Қыдырәлі Болманов, продюсер:
- Не қыламын екінші адамды, анау барлығын біледі де. Жүрегімді де, шаршасам басынан сыйпайды.
Елдің сүйіспеншілігі мен сұранысына ие болып жүрген шоу-бизнес өкілдері үшін қасықтап жинаған абыройын шелектеп төгу оңай. Алайда, кейін өзіне адал атын қайтаруы әлдеқайда қиын екені жасырын емес.