Дина Төлекова. Бұл - ешқашан кешірілмейтін күнә

/uploads/thumbnail/20170708152006701_small.jpg

ОНЫҢ отбасы "Форбсқа" ілінсе, "қазақ қой, байыса несі бар екен" деп арқаны кеңге салдым. Үйсіз-күйсіз шаршап жүрген шарасыз елді көріп, "мұртымыз майланып, тұрмысыз жайланар күн алда" деп жұбаттым өзімді. Қызығын өзгелер көрген қазба байлығыма ішім удай ашыса да, "жер өзіміздікі, қойнауы толы алтын кен әзірге сарқыла қоймас" деп алдадым өзімді. Төрімде көршінің тілі сайраса да, "ана тілін ардақ тұтар ұрпақ өсіп келеді" деп сабырға шақырдым өзімді. Оның ет жақыны қазақтың қос қыраны Алтынбегім мен Заманбегімнен айырса да, бар пәлені жат-жұрттық күйеуден көруге тырысып бақтым. Ішкі жағдайды реттеуден гөрі, сырт көзге "әдемі" көрінуге барын салған ОНЫҢ даңғаза пендешілігіне кешіріммен қарап, бар ісін "ТҰҢҒЫШЫМЫЗ" ғой деп ақтап алатынмын. Бірақ, Еуразия Одағы деп емешесі құри жүріп, қазақты орыстың астына сап беруі - ЕШҚАШАН КЕШІРІЛМЕЙТІН КҮНӘ!!!!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар