НЕ ЖЕП ЖҮРМІЗ ?? ***Жеміс-жидектер ұзақ сақталу үшін оларды шамалы көктеу кезінде жинап алып және күштеп жетілдіру үшін Карбид пен Этилен газын пайдаланады. Біз сатып алып жеп жүрген жеміс-жидектер химиялық өңдеуден өткізілген, олай жасамаса тұтынушыға көзтартар әдемі күйінде жеткізу мүмкін болмас еді. Мысалы, банан қабығын зерттегенде оның құрамында Толуен, Ацетон, Метиленалкоголь, Ацетонитрил т.б. зиянды химиялық қоспалар бар екені анықталған. Сондықтан, қазіргі жеміс-жидектерді тазартып жеу керек. Бірақ олар жай сумен жуғанға кетпейді, сондықтан ультрадыбыстық өңдеуден өткізу қажет дейді мамандар. Көптеген жімістерді тұтынушыларға бұзылмаған күйінде жеткізу үшін оларды арнайы химиялық қоспалар сіңірілген қағазбен немесе торкөз орауышпен орайды, сырты жылтырап тұру үшін жылтыратқыш Вакса бүркіп өңдеуден өткізеді. Осындай өңдеуден өткізілген мандарин, ұзақ сақталады. Мысалы, химиялық зиянды Тебуканазол ерітіндісін бүркіп өңделген жүзім езілмейді. 2006 жылы арнайы зерттеу жүргізілген. Аталған химиялық қосылыстардың әсерінен көлбақаның бақашабағы құйрықсыз болып шыққан, ересектері кішкентай болып өспей қалған. Қазіргі кезде барлық цитрустар, банан, ананас, т.б. жемістер өсіргіш гормондар қосылған газбен дәріленентіні шындық, Қытайда осындай өңдеудің барлық тәсілі қолданылады. Осының әсерінен неше түрлі аурулар, оның ішінде қатерлі ісік аурулары дамитыны дәлелденген.
Пікір қалдыру