Қазақстанның танымал тұлғалары Ақтауда зорланған қызды қолдап акция өткізді

/uploads/thumbnail/20170709070622698_small.jpg

Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығында Ақтауда зорланған кішкентай Виканы қолдауға бағытталған акция өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқапартқа сілтеме жасап.

Елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Гюзель Манюрова, тележүргізуші Динара Сатжан, актер Әнуар Нұрпейісов пен әнші Айгүл Иманбаева арнайы жасалған үміт бұрышына жұмсақ ойыншықтар әкеліп қойды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Виканың екі әжесі ауруханада тәулік бойы кезекшілік етуде. Вика ауруханаға 27 тамызда өте ауыр халде жеткізілді, қазіргі кезде ол стационарлық ем қабылдау үстінде.

«Ұйымдастыру, материалдық қолдау жағынан бәрі де қарастырылған, бастысы, есіне келіп, сауығып кетсе екен. Бұл өте ауыр жағдай, қоғам педофилиямен бірігіп күресуге тиіс, осындай ауыр қылмыс жасағандар заң бойынша қатаң жазалануы керек», - деді Ермек Аманшаев.  

Ерте жастағы неврология бөлімінің меңгерушісі Алтыншаш Жақсыбаеваның айтуынша, Вика қазір үшінші дәрежедегі комада жатыр.

«Науқастың халі өте нашар, функцияларды қалпына келтіру бойынша болжамдар көңіл көншітерлік емес. Өкінішке орай, орын алған жағдайдың салдарынан қыздың миына оттегі жеткілікті мөлшерде жеткізілмеген, соның нәтижесінде бас миы ауыр зардап шегіп, жұмыс істемейді», - дейді дәрігер.

Олимпиада жүлдегері Гюзель Манюрова орын алған оқиғаға байланысты мектептерде өзін-өзі қорғау, сондай-ақ балаларды осы сияқты жағдайлардан сақтау үшін көшеде өзін-өзі ұстану ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар енгізуді ұсынды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар