"91" тобындағылар Шымкенттегі концерттің не үшін кейінге шегерілгенін түсіндірді (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709070805512_small.jpg

"Ninety one" тобының 2 қазан күні Шымкент қаласында өтетін концерті кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

К-поп стилінде сахнаға шығып жүрген топтың мүшелері бұл туралы Инстаграмдағы ресми парақшаларында айтты. 

"Шымкентте өтетін концертіміз әкімдіктің сұрауы бойынша кейінге шегерілді. Сол кезде көріскенше" деді олар.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттік бір топ жастар жиналып, 91 тобына қарсылық білдіргенін хабарлаған болатынбыз. 

«Бізге азғындар емес, азаматтар керек! Бізге құзғындар емес, қырандар керек! Елін сүйген ұландар керек!» деген Шымкент жастары арнайы бейнематериал дайындап, қазақ сахнасында қызылды-жасылды жігіттердің жүруіне қарсы екендерін айтқан еді. 

Сондай-ақ, бейнематериалда белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы да бой көрсетіп, қазақ сахнасында «91» тобының жүруіне қарсы екенін жеткізген.

Аталмыш видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі шымкенттік жастарды қолдаса, енді кейбірі 30-40 адамның барлық Оңтүстік жастарының атынан сөйлеуге болмайтынын айтқан еді.

Қатысты Мақалалар