Президент Қостанайда фотограф қызға «Қуаныш гормонын» сыйлады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709082658051_small.jpg

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына сапары барысында «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Фабрика өнімдерімен танысқан Елбасы мәртебелі меймандарды суретке түсіріп жүрген президент телерадиокешенінің қызметкері Әйгерім Деңгелбаеваның қолына шоколад кәмпитін ұстатты.

«Бұл қуаныш гормоны», - деген Елбасы кәмпитті беріп тұрып.

Президент фабрика жұмысшыларымен әңгімелесіп, бисквит цехының өндірістік процесімен де танысқан.

Қазіргі таңда кәсіпорында барлығы 1,5 мың адам жұмыс істейтінін, фабрика өнімдері Қазақстан қалаларынан бөлек, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Германия, Қытай, тағы басқа елдерге экспортталатынын айта кеткен жөн.

Қатысты Мақалалар