Ақтөбе облысындағы Шалқар аудандық әкімдік ғимараты алдында белгісіз біреу "Аллаһу Акбар" деп айқайлап, қолындағы таяғымен ғимарат алдындағы шамдарды сындырған деп хабарлайды 31 арна.
Әкімдік қызметкерлері мен тұрғындардың зәресін алған азаматтың бұл іске не үшін барғандығы әзірге белгісіз.
Бейнежазбада "Аллаһу Акбар" деп айқайлап жүген ашулы азамат көшедегі адамдар мен көліктерге ұмтылып, одан қалды қолындағы таяғымен әкімшілік алдында тұрған шамдарды сындырып жүр. Бірақ видеодан қоғамдық тәртіпті бұзған адамды тоқтатуға әкімшілік қызметкерлері де, күзетшілері де шықпаған.
Ал Шалқар ауданының басшылығы бұл жағдай туралы білмейтін болып шықты. Ал әкімдік ғимараты алдының тас-талқанын шығарғанын көре тұра шықпаған қызметкерлер мен күзетшілер, есесіне келтірілген шығынды 80 мың теңге деп санап қойыпты.
Пікір қалдыру