Түрік елінің Кайсери қаласында тұратын Мұстафа Гечер ақсақалдың Алла Елшісінің сүннетіне сай ағаш отырғызумен айналысып келе жатқанына биыл қырық жыл болады екен. Өз елінің экологиясына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан 59 жастағы қария бір жылда шамамен 20 000 түп ағаш отырғызатын көрінеді. Бұл туралы Muslim.kz хабарлады.
Өзі тұратын қаладағы көше бойы мен саябақтарды, зират маңайын небір ағаш түрлерімен көркейткен Мұстафа Гечер бұл күнде бағбаншылық өнерінің қыр-сырын жақсы меңгеріп алғанын айтады.
Ал, сіз ағаш отырғызып көрдіңіз бе?