Ақтөбедегі мұнай ұрлаушы салафиттерге Тасмағамбетовтың қандай қатысы бар?

/uploads/thumbnail/20170709184911426_small.jpg

Ақтөбе тұрғыны Мәди Раимов өзінің кезекті хатында арнайы қызметтің, мұнайды ұрлауды болдырмау үшін жасаған операциясы туралы айтып берді.

Ақтөбеден келген хат. Мұнай мен Салафиттер 1

Ақтөбе тұрғындары мұндай жаңалықтарға үйреніп кеткен. Әңгіме таң атпастан шынайы өмірде және сандық ақпарат кеңістігінде өріп жүрді. ҰҚК дәстүрлі емес Исламның жақтаушыларын ұстап жатыр деген ақпаратты, қарапайым оқу әдістемелік жұмыстар жүргізіп жатыр деген мәлімет жоққа шығарған. Бұған қала тұрғындарының еті үйреніп кеткен. Түстен кейін ғана мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлауды алдын-алу туралы арнайы операция жүргізіліп жатқаны белгілі болған еді. Бұл операцияның жалғасы ретінде салафиттердің кейбір уәкілдерін ұстады. Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының мұнай ұрлығымен салафиттер мен дәстүрлі емес дін өкілдері айналысатынын барлығы біледі.

2011 жылы мұнай ұрлығына қатысты ең шулы оқиға Ақтөбе облысының Шұбарши ауылында болған. 2016 жылдың 7 желтоқсанында арнайы жасақ мұнай өндіретін «Ақтөбе мұнай өңдеу» АҚ зауытын  қоршап алды. Аталмыш кәсіпорында жұмыс істейтін танысым, таң ертең 40 жуық жасақ ішке кіріп келгенін айтып берген. Барлығы кинодағыдай болды. Бетперде, автомат, ешкім қозғалмасын деген секілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл іске  ІІД мен Ұлттық бюроның жемқорлыққа қарсы бағытталған  жасағы мен құралдарын тартты. Қылмыстық топтың бірнеше өкілі құрықталды. Мұнай мен мұнай өнімдері салынған автоцистерна алынды. Басты күдіктілер – салафиттер. Олардың тұрған жерлері мен ұрланған мұнайды заңдастырумен айналысып жүрген кәсіпорындарда тінту жұмыстары жүргізілді. 

Неге мұнай саудасымен салафиттер айналысады? Мұның екі себебі бар. Біріншіден, олардың көбі жұмыссыз. Сонымен қатар, салафиттердің ойынша қазақстандық мұнай Батысқа кетіп жатыр. Яғни, кәпірлерге. Кәпір дегеніміз – құдайға сенбейтін, басқа діндегі адам. Сондықтан мұнайды ұрлау күнә емес деген түсінікпен осындай кәсіппен айналысып келеді.

Ақтөбе облысындағы мұнайдың ең басты орталығы  - Кеңқияқ. Ал ол жерде көбіне дәстүрлі емес дінді ұстанатындар тұрады. Олар мұнайды ұрлап, кішігірім мұнай өңдейтін зауыттарға  арзан бағаға сатып отырған. Ондай зауыттар үшін мұнай - нағыз табыс көзі. Батыс Қазақстанда мұндай жүйе 10 жылдан бері өмір сүріп келеді.

Арнайы операция жүргізіліп жатқан кішігірім мұнай өңдейтін зауыт Ақтөбе қаласының 41-ші жол айырығында орналасқан. Оның Бас директоры Тасмағанбетов Ілияс Құрманғалиұлы. Вице-премьер Иманғали Тасмағанбетовтің туысы

Аты шулы арнайы операция, маусымда болған террористік әрекет жасаған лаңкестерге қатысты сот процессімен қатар келді. Ақтөбе қаласы  5 маусымнан кейін де радикалдарды ұстау операциясының куәсі болды. Біз шытырман оқиғаларға үйреніп кеттік. Менің таныстарым мен туыстарымның реакциясын қарап, ақтөбеліктер ештеңеге таң қалмайтынын байқадым.

Құзырлы органдар ұсталғандардың саны мен аты-жөні туралы мәлімет таратпады. Сол себепті салафиттердің вице-премьерге қаншалықты қатысы бар екенін дөп басып айту қиын.  Бір белгілісі мұнай өңдеу зауытының басшысы Иманғали Тасмағанбетовке туыстық қатысы бар. 

esquire.kz сайтынан аударған Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар