Жаңа жылдан бастап коммуналды қызмет бағасы көтерілуі мүмкін. Бір қатар аймақта монополистер антимонопольді мекемелерге өтініш беріп қойған.
Шенеуніктер олардың өтініштерін енді қарап жатыр. Бірақ, жаңа жылдан бастап оның қажеттілігі болмайды. Үкімет тарифты бақыламайтын болды. Өскеменде 800 көпқабатты үйде жылу 24% қымбаттайды. Бұл барлық үйге ортақ есептеуші құралды қоюдан бас тартқан тұрғындарға қатысты. Оларға 1 қаңтардан бастап сараланған тариф енгізіледі.
Қазір тариф 1 шаршы метрге орта есеппен 53 теңге болса, бір жылда үйдің аумағына байланысты 20 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Қала тұрғындары ыстық суға бұрыңғыдай 1 текше метрге 210 теңге төлейді. Сонда айына – 520 теңге кетеді.
Жаңа жылдан бастап үкімет монополистер қызметі бағасын реттемейді. Бұл жағдайда энергетиктер антимонопольді мекемелердің мақұлдауына мұқтаж болмайды.
Ал Қостанайға қымбатшылық бұрында жеткен. Әзірше «Қостанай-су» кәсіпорнының өтінішіне антимонопольді мекемеден ресми жауап жоқ. Олар су мен кәріз жүйесі қызметінің бағасын 24% қымбаттатуды сұрап отыр. Мемкеме аталмыш өтінішін, кредит төлеу керектігімен түсіндірді.
«Банк тарапынан кредит соммасы 2,4 млрд. теңгені құрайды. Жүйені жөндеу жұмыстары өте қымбат тұрады. Су мен кәріз жүйесі де әбден ескірген» дейді «Қостанай-су» кәсіпорнының директор кеңесшісі Арман Жүнісов.
Басқа да кәсіпорындар коммуналды қызмет бағасын көтеруді жоспарлап отыр. «Қостанай-су» бағаны қымбаттатса, жылу компаниялары да бағаны өсіретінін мәлімдеген.
Үкімет тариф бағасына араласпайтындығын күзде хабарлаған болатын. Бұл мемлекеттің су мен жылу жүйесіне қаржы бөлмейтіндігімен байланысты.