Геннадий Головкин марапатталды

/uploads/thumbnail/20170709185127297_small.jpg

 

 
 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Голливудта өтіп жатқан 54-ші конвенциясында арнайы сыймен марапатталды деп хабарлайды baq.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз әлемдегі мерейі үстем боксшы ретінде танылып отыр. «WBC» арнайы сыйы осындай құрметке ие боксшыға беріледі. Мәртебелі марапатты әйгілі америкалық боксшы Марвин Хаглер табыстады.

Геннадий Головкин «WBC» ұйымының жұмысына табыс пен сәттілік тіледі. Аталған ұйымның чемпионы атану үлкен құрмет екенін де тілге тиек етті.

Айта кетейік, GGG «WBC» ұйымының жыл қорытындысы бойынша ең үздік боксшысы атағына да ұсынылған болатын. Дауыс беру ұйымның ресми сайтында өткізілуде.

 

Қатысты Мақалалар