Таланатты фототілші Сәрсенбек Қызайбекұлы 1980 жылы 13сәуірде дүние есігін ашты. Кіндік кескен жері асқары аспанмен тілдескен Хантәңірінің арғы бетінде, хас батыр Қабанбай мен тұлпары тыныққан Аттың тауы. Киелі өлкенің ізденімпаз перзенті пектеп қабырғасында жүргенде-ақ фото өнерінің тізгінен жабысып, жалынан ұстап, қамшыланды. Тырнақ алды туындылары өлкелік, облысытық «Шыңжаң газеті», «Іле өрендері» газеттерінде жарық көрді, өзі «Өрендер» газетінің «таңдаулы тілшісі» атағына ие болды. Сәрсенбектің авторлығымен жарық көрген суретті хабарлар облыс, аудан деңгейіндегі басылымдар мен басқада мекемелер тарапынан жоғары бағаланып, марапатталды.
Атажұрқа ат басын біржола бұруды армандаған өнерлі азамат 2001 жылы отанға оралды. Ол өз өміріндегі ең биік мақсатына 2003 жылы қол жеткізіп, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына «Кино және телевизя операторы» мамандығына қабылданып, 2007 жылы тамамдады. Студент шағында бойда бар өнерін одан ары шыңдай түсті, соның нәтижесінде Түркиядан үш тілде жарық көрген «Қазанат» атты фотокітаптің басым көп санды суреттерін түсіріп, қалың жұрттың көзайымына айналуына еселі еңбек сіңірді. «Қыран» федерациясы шығарған «Қазақ құсбегілері» атты суретті кітапқа да көптеген көркем туындылары енгізілді.
Академия қабырғасында білімін жетілдіре жүріп «Алмыты – менің сүйікті қалам» атты фототілішлер байқауының үш дүркін жеңімпазы атанды, осылайша ол әсем қаламыздың айшықты ажарын баршаға паш етті. Сәрсенбек еңбек жолын 2004 жылы халықаралық «Қазақ елі» газетінен бастады, ілгерінді-кейінді «Жұлдыздар отбасы», «Ақиқат» қатарлы журналдарда кәсіби шеберлігін көрсете білді. 2008 жылдан бері «Алматы ақшамы» газетінде фототілші қызметін атқарып келеді. Газет жұмысының сапалық деңгейін көтеруге аянбай үлес қосып келе жатқан Сәрсенбектің қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Бірнеше фотобайқаулардың жеңімпазы, республикалық басылымдарда үзбей үздік туындылары жарық көрумен қатар, үш тілде дайындалған этнографиялық «Бүркіт» фотокітапқа да бірқатар суреттері енді. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізілген «Тәуелсіздік тағылымы» атты халықаралық фотокөрмеге 20 ға тарта суреті қойылып, көрмен назарына ұсынылып, алғысына ие болды. Арманы асқақ, талабы таудай талғампаз фототілшінің алда алар асуы мен бағындырар биігі, жетер жетістігінің мол екеніне сенімдіміз. Қазақ фотоөнерінің жаңа қырынан жандануына үлес қосуға ниеттенген азаматқа сәттілік тілейміз!!!
[gallery link="file" order="DESC"]
Пікір қалдыру