М.Өтеуов жақындарының өміріне қорыққандықтан кінәні өз мойнына алды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709191257996_small.jpg

Бүгін таң ертең Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудан аралық сотта, бірнеше ауыр қылмыс істеген бұрыңғы полиция қызметкері Манарбек Өтеуов тергеу изоляторында оған қысым көрсетіліп жатқанын айтты деп хабарлайды  atpress.kz.

Атырауда бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бұрыңғы 8 тәртіп сақшыларының  айыпталушылар қатарында тұруына олардың бұрыңғы әріптесі Манарбек Өтеуовтың (фотодағы) хаты себеп болды. Ол  22 жылға бас бостандығынан айрылған. Манарбек Өтеуов ауыр қылмыстар жасаған. Оның ішінде адам өлімі де бар.  Ол бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот процесінде куәгер ретінде өтіп жатыр.

Бүгін сот процесі басталғанда, заңгерлер мен БАҚ көзінше сот залында ол мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, тергеу изоляторында оған ешқандай жағдай жасалынбайды. Жылу жоқ, терезелер ашық тұр, ол тоңатынын айтады. Ал полиция қызметкерлері оған моральдық қысым көрсетінін жеткізді. Өткен жылы ол қарсылық ретінде қасық жұтқан. Атырау облыстық ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалды. Ауруханадан қайтып келгеннен кейін дене мүшесіне зақым келтірілетін карцерге тоғытылған.

М.Өтеуов бастапқы кезде бұрыңғы әріптестеріне қатысты берген жауаптарынан бас тартатынын жеткізді. Енді ол олардың кінәсіз екенін айтады.

 

 «Барлық қылмысты өзім жасадым. Олардың ешқандай кінәсі жоқ!» дейді ол.

Алайда ол мұны жақындарының өмірі мен денсаулығына алаңдағаннан кейін айтып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ол «барлығы тезірек бітіп, оны жақын уақытта лагерге жіберуін сұрады».

Бүгінгі күннің екінші жартысында сот процесінің жарыссөзі өтеді деп жоспарланған. Заңгерлер үкім жылдың аяғында, яғни осы аптада шығады деп күткен. Алайда Манарбек Утеуов өзінің мәлімдемесі арқылы өзгертулер енгізді.

 

 

Автор: Рахим Койлыбаев

 

Қатысты Мақалалар