140 тендер – 1 депутат: Amanat депутатының фирмасы миллиондарды тендермен жинап отыр

/uploads/thumbnail/20250613141032584_big.webp

Мәжіліс депутаты Жұбанов — 15 млрд теңгелік тендерлерге иелік еткен компанияның жалғыз иесі, - деп хабарлайды Qamshy.kz Курсивке сілтеме жасап.

Amanat партиясынан сайланған мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Атырауда 140-қа жуық мемлекеттік сатып алуды ұтып алған "БатысАльянсСтрой" ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы ретінде тіркелген. Бұл компаниямен 2016 жылдан бері жалпы 15,2 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда компанияны Жаңабай Жұбанов басқарады – депутатпен тегі мен әкесінің аты сәйкес.

Заңгер Әлішер Қадырбековтің айтуынша, депутат компания иесі бола алады, бірақ оны тікелей басқаруға, шешім қабылдауға және пайда көруге құқығы жоқ. Егер бұл талап бұзылса, Орталық сайлау комиссиясы депутаттық мандатты тоқтатуға құқылы.

Қадырбеков атап өткендей, бизнес сенімгерлік басқаруға тапсырылуы керек, ал депутат мемлекеттік мәртебесін жеке пайдасына пайдаланбауға міндетті. Алайда, заң жүзінде шектеу болғанымен, ықпал етудің жанама тетіктері сақталып отыр – мысалы, салалық комитеттерге қатысу немесе депутаттық сауалдар арқылы.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар