Ведомствоаралық комиссия ресейлік компанияның ұсынысын Қазақстан үшін оңтайлы деп санады.
ҚР Атом энергиясы агенттігі халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы үшін консорциум көшбасшысын анықтау жұмысын аяқтады.
«Соңғы тізімге қытайлық CNNC, француздық EDF, оңтүстік кореялық KHNP және ресейлік «Росатом» енді. Барлық қатысушылар болжамды құнын, мерзімін, қаржылық моделін, оқшаулау деңгейін және қазметкерлерді даярлау бойынша шараларды қоса алғанда, егжей-тегжейлі ұсыныстар берді» деп жазылған ведомство хабарламасында.
Олардың ішінде, Ведомствоаралық комиссияның талдауынан кейін, Қазақстандағы АЭС құрылысын салуға «Росатом» компаниясы лайық деп танылды. Екінші орынды қытайлық компания, үшінші орынды француз және корей компаниялары иеленді.
Қазір Қазақстан мен «Росатом» РФ тарапынан экспорттық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін талқылауда. Билік сондай-ақ жобаны іске асыру үшін тиімді консорциум құру бойынша басқа елдермен жұмысын жалғастыратынын атап өтті.