"Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын, періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқанын айтқаны белгілі. Істің мән-жайы анықталуда. Тергеу жұмыстарымен Түркістан облысының ПД айналысуда", деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл желідегі парақшасында.
Айта кетсек, 7 ақпанда Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Бүлдіршіндердің анасы аталған қылмыс бойынша күдікке ілінді. Жергілікті Otyrar телеарнасы күдікті әйелдің Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектепте тәрбиеші болып жұмыс істегені туралы ақпарат таратты. Бұл ақпаратты Шиелі аудандық білім бөлімі нақтылады.
Пікір қалдыру