Батырхан Шүкеновтің өнері шетелдік қыздың қазақ тілін үйренуіне түрткі болды

/uploads/thumbnail/20170709192708910_small.jpg

«Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі жасы деген бөлімде қазақшалап «18 жас» деп көрсетілген. Ал Whatsapp мессенджерінде «Жаным сол» деп жазылған. Ол Димаш Құдайбергеновтың шығармашылығын жақсы көреді және көптеген қазақстандық әншілердің әндерін тыңдайды.  Онда тұрған не бар дерсіз. Егер әңгіме ресейлік орыс қыз туралы болмаса деп хабарлайды  rikatv.kz.

3 жыл бұрын маған  Викадан хат келді.  «Сәлеметсіз бе! Сіз Қазақстаннансыз ба?» деп сұрағаннан кейін өзін таныстырып өтті. «Есімім Виктория. 15 жастамын. Көзім толық көрмейді. Мәскеуде тұрамын. Қазақ тілін үйренуге талпынып жүрмін. Қазақ тілі өте әдемі. Бірақ қиын тіл».

Осыдан кейін бір-бірімізбен жиі хабарласып тұратын болдық. Оның қазақшасы жақсара түсті. Менің оған қойған ең алғашқы сұрағым «Вика, неліктен қазақ тілі? Көптеген дәстүрлі және үйренуге мүмкіндігі көп тілдер бар ғой...»

«Мен шет тілдеріне қызығамын. Тек стандартты «ағылшын-неміс» емес, экзотикалық тілдерді меңгергім келеді. Ғаламторда қазақстандық бір қызбен таныстым. Қызық үшін қазақ тілінде «привет», «как дела?» сөздері қалай аударылады деп сұрадым.  Бұл жай ғана қызығушылық болды. Осымен бітті. Бір жылдан кейін тағы бір қазақстандық баламен таныстым. Оған да қазақ тілі туралы бірнеше сұрақтар қойдым. Бір уақыта Қайрат Нұртастың әнін тыңдадым. Әуені қатты ұнады. Алайда сөзін түсінбегендіктен, ғаламторда танысқан қазақ жігітіне аударып беруін сұрадым. Бірақ ол Батырхан Шүкеновтың «Отан ана» әні секілді әсер етпеді. «Отан ананы» есітігенде сезімім алай-дүлей болды.Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бәлкім арамызда ол адам енді жоқ болғаннан кейін шығар...Бір өзіндік сиқыры бар ән. Батырхан аталмыш әнге отанға деген сүйіспеншілігін салса керек. Ол сезімнің бір бөлігі маған да берілгендей болды. Осыдан кейін қазақ тілін үйренуді мықтап қолға алдым».

Бұған дейін Қазақстан туралы не білдің?

Ештеңе білмедім десе де болады. Тек алғашқы кезде Қазақстанның астанасы Алматы болғанын, одан кейін Астанаға көшірілгенін білемін.

Қазіргі қазақ тілін білу деңгейіңді қаншаға бағалайсың? Қазақ тілінде сөлейсің бе, әлде сөздіктің көмегіне жүгінесің бе?

Өкінішке орай оқи алмаймын. Себебі көзі көрмейтіндерге арналған қаза тілін үйрену бағдарламасын таба алмадым. Алайда «Сара» атты оқитын машина бар. Оған қазақ тілінің синтиздеуіш орнатылған. Бірақ онымен тек қазақстандықтар ғана қолдана алады. soyle.kz сайтынан үйрене бастадым. Уақыт өте келе оған да қолжетімділігімді шектеді. Одан кейін «Жаңа толқын» курсын таптым. Ол да маған көп көмегін тигізбеді. Осыдан кейін қазақ тілін үйрететін адам іздеп, таптым. Ол Ақтөбеде тұрады. Сабақты өте қызықты өткізеді. Маған ұнайды.Осы сұхбат арқылы оған сәлем жолдағым келеді. Алғыс айтамын. Кейбір сөздер мен сөйлемдерді түсінемін. Санай аламын. Көкөністердің атауларын білемін. Әрине бұл аз. Бірақ бұл уақытша ғана. Мен мақсатына жетпей қоймайтын адаммын. Уақыт өте келе еркін сөйлейтін боламын. Әзірше қарапайым сұрақтарға жауап беріп, өзім туралы ақпарат бере аламын. Сәлем! Менің атым Виктория. Мен Мәскеуде тұрамын. Жасым он сегізде. Анамның есімі Светлана. Мен де арнайы тіл үйрену бағдарламасы жоқ. 

Әдетте шет елдіктер белгілі бір мақсатпен тіл үйренеді. Басқа елге көшу, шет елдік компанияларға жұмысқа кіру немесе шет елдік күйеу табу, фильмдерді аудармасыз көру, кітаптарды сол тілде оқу т.б. Сенің мақсатың қандай?

Тілді үйреніп, шет елге кеткен әрине жақсы. Алайда өзге елге баратындай мен де мүмкіндік жоқ. Мен таза қазақ тілінде сөйлеп, әндерді аударып, фильмдерді көргім келеді.

Қазір қазастандықтармен көп сөйлесесің. Сенің ойыңша бізде ортақ ұлттық ұқсастықтар бар ма?

Адами ұқсастықтарды айтқан дұрыс болар. Иә, сіздер ресейліктерге қарағанда мейірімді және ашықсыздар. Көбіне маған дәл осындай адамдар кездеседі. Әрине түрлі жағдайлар болады. Бірақ көп жағдайда қазақстандықтар өте мейірімді.

Тілден бөлек, ертегі, аңыздар, тарихи тұлғалармен, мақалдар, әзілдермен танысып көрдің бе?

Иә, мен ертегі кейіпкері Алдар Көсені білемін. Қыз Жібек туралы фильм көрдім. Әміре Қашаубаев, Шәмші Қалдаяқовтың әндері мен заманауи эстраданы да тыңдадым. Мұқағал Мақатаевтың өлеңдерін оқыдым. Дұрыс түсінбесем де  қатты ұнады. Әуеннің өзі ұнады. Шығыстың иісі сезіледі.

Ал ұрысуды үйретті ме?

(Күліп) Үйретті! «Аузыңды жап» немесе жайыма қалдыр деп қатты айта аламын.  Бұл сөздерді қолданудың қажеті болмайды деп үміттенемін.

Өз бетіңше басқа да тілдерді үйреніп жатырсың ба?

Әзірше тек қазақ тілі ғана. Болашақта  италиян, француз және қырғыз тілін үйреніп, қазақшамен салыстырып көргім келеді.

Көзі көрмейтіндер шет тілін қалай үйренеді?

Мектепте біз Брайля шрифты арқылы ағылшын тілін үйренеміз. Кейде аудионы тыңдап, аударамыз, жаттаймыз. Кузовлевтің оқулықтары бар. Мұғалімдердің оған көңілі толмайды. Расымен де онша емес. Бірақ басқа оқулық жоқ, жақын уақытта болмайтын да шығар.

Ал фильмдер көзі көрмейтіндерге қалай жеткізіледі?

Фильмдер тифлокомментарийлер арқылы көрсетіледі. Мен осы тәсілмен «Гарри Поттер», «Бетховенді» көрдім. Яғни кадр сыртындағы дауыс фильмде не болып жатқанын үнемі айтып отырады.

Ән айтасың. Бұрын ән айтыппа едің?

Жоқ! Қазақ тілін үйренгеннен кейін ғана ән айтуға деген ниет пайда болды. Бастапқы кезде тек тыңдайтынмын. Кейін өзім де ән айтып көрсем қалай болады деп ойланып көрдім.

Ән айту қалай екен? Жеңіл ме?

Жоқ, оңай емес. Әнге жаныңды  салуың керек.

Қазақстандық әншілерден кімді тыңдағандайсың?

Акбота Керімбекова, Ерке Есмахан, Қарақат Әбілдина. Батырхан Шүкенов пен «Melo Men», «Заман», «Жігіттер», «Арнау» тобын ерекше атап өте аламын. Қайрат Нұртастың кейбір әндері ұнайды. Төреғали Төреәлі, Қуандық Рахым және ақтөбелеік Диамш Құдайбергеновты жақсы көремін.

Егер сені Қазақстанға шақырса, келесің бе? Келіп ән айта аласың, конкурсқа қатысуыңа болады немесе қазақтың ұлттық тағамынының дәімт татып көре аласың.

Егер келуге мүмкіндік болса, оны жіберіп алу күнә. Конкурсқа қатысуға әлі дайын емеспін. Ал ұлттық тағамдарыңызды қуана жеп көруші едім.

 

 

Әңгімелескен:  Шолпан Пронина

фото Виктория Андрееваның жеке мұрағатынан алынды

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар