Қытайда 10 секунд ішінде 19 тұрғын үй жарылды

/uploads/thumbnail/20170709200114880_small.jpg

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында 10 секунд ішінде 19 ғимараттың күлі көкке ұшты. Қала билігі көп қабатты тұрғын үйлерді әдейі жарып жіберген, деп хабарлайды szh.kz.

Көп қабатты ғимараттарды қирату үшін бес тоннаға жуық тротил жұмсалған. Жарылғышты қою үшін 120 мыңнан аса саңылау жасалыпты.

Енді сүрілген үйлердің орнында заманауи іскерлік квартал пайда болады. Қала билігі биіктігі 700 метрден асатын зәулім ғимарат салуды көздеп отыр.

 

 

 

Қатысты Мақалалар