Қытайда "I am singer" ән байқауына қатысып, бүкіл жұртшылықты ауызына қаратқан Димаш Құдайбергенов ендігі кезекте елді күйшілік өнерімен таңқалдырды. Өзінің өкіл әке-шешесі болып келетін Ұлықпан Жолдасов пен Айған Жолдасованың шаңырағында отырып әйгілі әнші, сазгер, композитор Ұлықпанмен бірге "Адай" күйін шертіп отырғандығын Айған ханым Instagram парақшасында жариялаған.
"Əдеттегіндей екеуінің басы қосылса-домбырамен күй тартпаса болмайды. Əнші міндетті түрде музыкалық аспапта ойнай білуі керек деген үстаным бар", - деп жазады Айған Жолдасова. Сонымен қатар "Домбырада күнде ойнайтын адаммен салыстырмайық", - деп, сыни пікір қалдырушы оқырмандарға ескерте кеткен.