Лаңкестерден азат етілген Алеппо қаласының мектептерінің бірінде оқушылар "Әрқашан күн сөнбесін" әнін орыс тілінде шырқаған. Аталмыш видео Youtube желісіндегі Ruptly каналында жарияланып, көрермендер саны лезде артқан.
Алепполық оқушылар қала толығымен экстремистерден азат етілгеннен кейін ғана сабақ оқып, мектепке баруды бастаған. Әлемді дүрліктірген экстремистердің кесірінен балалар біраз уақыт оқудан қол үзіп қалған.