Қостанайдың екі баласы суицид жасамақ болған деп хабарлайды alau.kz. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық прокуратура басшысы Қайрат Жүсіпов растады.
2017 жыл 6 ақпанда Қостанай қаласының ІІБ қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған балалардың өзіне қол жұмсамақ болды деген фактісі бойынша тексеру жұмыстарын бастады.
«Қазіргі таңда Instagram және В Контакте әлеуметтік желісінде денсаулыққа қасақана зиян келтіретін және өлімге әкелетін ойындар кең тарала бастады. Осы ойындардың әсерімен қостанайлық екі қыз өдеріне қол жұмсамақ болған. Олар 2003 жылдық тумасы. Абырой болғанда қыздардың бұл әрекетінен аман алып қалды» дейді Қайрат Жүсіпов.
Тергеу амалдары ҚР ҚК 105 бабы бойынша жүргізілуде.
Бұдан бұрын «Қазақстанның отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдайтын ата-аналар ассоциациясы» азаматтарды «Синий кит» ойынынан балаларды қорғауға шақырды.
Пікір қалдыру