Қазақстан Қырғызстанның ЕЭО-ға кіруіне 100 млн. доллар бермек

/uploads/thumbnail/20170709205555654_small.jpg

 

Қазақстан Қырғызстанға 100 миллион доллар көлемінде техникалық көмек көрсетпек. Бұл қаражат «жол картасымен» қарастырылған қаржыландыру бойынша берілетін ақша. Бұл туралы Бішкекте өткен брифингте Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Айымдос Бозжігітітов мәлімдеді деп хабарлайды ҚР СІМ.

«Бөлінген қаржы кедендік және техникалық инфрақұрылымды жабдықтауға және тәжірибе жүргізіліп отырған елдің зертханасын модернизациялау үшін жұмсалады» деді елші.  

Бозжігітітов Қазақстан мен Қырғызстанның жаңа әріптестік қарым-қатынас деңгейіне шыққанын айтты.

«Қазақстан Қырғызстанның сауда-экономикалық және инвестициялық басты серіктесі болып табылады және аталмыш елдің  сыртқы сауда айналымында үшінші орынды алады. Екі жақты тауар айналымының қарқыны білінеді. 2016 жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша екі жақты сауда 1,2% өсті және 746,6 миллион АҚШ долларын құрады. Қырғызстанда 300 ортақ кәсіпорын жұмыс істейді. Біршамасы 100% Қазақстанның капиталымен жұмыс істеуде» деді Бозжігітов.

Қырғызстанда 35 мың этникалық қазақтар тұрады және екі мыңға жуық қазақстандық студент білім алып жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар