Бірнеше адам көз жұмған Almaty Towers-тегі өртке қатысты тергеу амалдары аяқталды. Қайтыс болғандардың туыстары тергеу нәтижесімен келіспей отыр. Олардың ойынша кінәлілердің барлығы жауапқа тартылмады деп хабарлайды zakon.kz.
Өрт кезінде көз жұмған үш азаматтың туыстарының адвокаты Ерлан Бекполов тергеу органдары толық және әділ тексеру жұмыстарын жүргізуге уәде бергенін айтады.
Жақында ғана іске араласқан адвокат, болған оқиғадан кейін Almaty Towers әкімшілгі қажетті өрт сөндіру жүйелері бірден іске қосылғанын және барлық өрт қауіпсіздік жүйесі жұмыс істегенін айтқанын еске алды. Алайда әкімшіліктің сөзін жоққа шығаратын видео табылды.
Ерлан Бекполов өрт болған күні түсірілген видеоны жариялады. Белгілі болғандай болашақ батут орталығында жұмыс істейтіндерге арнайы тренинг өткен. Ол бейне камераға түсірілген. Сондықтан өрт камераға түсіп қалған. Одан өрт сөндіру жүйесі де, дабыл қағу жүйесі де іске қосылмағаны көре аласыздар. Сол себепті ондағы адамдар қауіпті сезбестен жайбарақат ғимаратта жүрген.
«Бұл видео ТЖД өрт қауіпсіздігі жүйесі іске қосылғаны туралы ақпаратын жоққа шығарып отыр» дейді адвокат.
Тергеудің мәліметінше 5 студент пен ер адамның өліміне тек батутты орталықтың директоры Тұяқов кінәлі болып отырғанын еске алды адвокат.
«Егер барлығын анықтап қарайтын болсақ, ғимаратты жалға алып отырғандар мен ДТЖ жұмысшыларына көп сұрақтар туындайды. Себебі олар барлығын тексеріп, өз бақылауында ұстау керек еді» деді Бекболов.
Бұл сұрақтарды адвокат тергеуге жеткізгісі келеді. Іс материалымен ол әлі таныспады. Сондықтан қазір тексеру жұмыстары қаншалықты толық жүргізілгені беймәлім және тергеу органдарында адвокат ұсынып отырған бейнематериал бар, жоғы белгісіз.
Өрт болған уақыттан бірнеше күн өткеннен кейін түсірілген видеода көз жұмған жігіттердің офистегі баспалдақпен шығуға талпынып жатқанын көруге болады. Яғни бұрын айтылғандай апатты шығу есігі басқа жағынан құлыпталған. Егер бір есікті ашқанның өзінде, екіншісі есік арқылы студенттер шыға алмас еді.
Осы жайттарды ескере отыра қайтыс болғандардың туыстарының адвокатында компания басшылығына, ғимаратты жалға алғандар мен ғимараттың әкімшілігіне көптеген сұрақтары бар. Олардың ешқайсысы жауапкершілікке тартылмады.
«Кінәлілерді жазалау үшін толық және әділ тексеру жұмыстарын жүргізу керек. Құтқарылған адамдар полицейлер мен өрт сөндірушілерге жоғарыда адамдар бар екенін айтқан. Көз жұмғандардың өздері телефон шалып, оларды құтқаруын сұраған. Өрт сөндірушілерге сұрақ: Неліктен олар жоғарыға барып, есікті сындырып, жігіттердің шығуына көмектеспеді? Бірнеше адамды жазалау керек. Ғимарат әкімшілігін, тексеру жүргізуі қажет ТЖ Департаментін жауапқа тарту керек. Бұл жерде көп адамның кінәсі бар. Біз әділдік орнағанын қалаймыз» дейді адвокат.
Көз жұмғандардың туыстары басқа да куәгерлерді іздестіріп жатыр.
,
Пікір қалдыру