Алаш арыстарына арнап жазылған «Аманат» атты пьеса қойылады

/uploads/thumbnail/20170709205900260_small.jpg

Ақпанның 22 күні Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Нартай Сауданбекұлының "Аманат" атты пьесасын қояды. Аталған пьесса негізінен Әлихан Бөкейхан мен Алаш арыстарына арнап жазылған. Бұл Әлихан Бөкейханның 150, Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына үлкен тарту болып отыр.

Осы пьессаны жазу барысында Нартай бауырым өткен жылы біз шығарған "Алаш айтқан асыл сөз" атты кітаптан бiраз дерек алыпты. Мәселен, Әлекеңнің «Ғұмыр өзгерілді. Ат ұрлаған адамды тышқандай өлтіре салатын орыс мұжығымен ауылдас болдық» немесе «Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек. Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса халықтың мақсаты сонда орындалады» деген және т.б. сөздері дәйек ретінде келтірілген екен.

Шыны керек Әлекеңе арналған спектакль жазып, оны сахнаға шығару үлкен жұмыс. Тiптi, ерлiкпен пара-пар десем артық айтқандық емес. Сондықтан да осы істің басы қасында жүрген Нартай мен Гүлсина сынды қазақтың қайсар ұлы мен қызы және барша маңғыстаулық театр ұжымына алғысым шексіз. Әр қазақ өз деңгейiнде қолдан келгенше ұлттық мүдденi ұлықтауға үлес қосса, Алаш арыстарының аманатына адалдық татытар едiк. Алаштың биылғы 100 жылдық мерейтойында еліміздің өзге өңірлеріндегі театрлар да «Аманатты» қойса нұр үстіне нұр болар еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар