Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы сахнадан тыс өмірі (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709205907475_small.jpg

Әрқайсысы өзін «қалыңдықпын» деп атаған Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақтандық әншінің «Singer» жобасына қатысуы туралы ролик жасады, деп хабарлады Қытайдағы inform.kz меншікті тілшісі.  

«Өмір кино сияқты» атты екі минуттық фильмде Димаштың байқауда ән айтқан сәттері, сахна сыртындағы өмірі: фотосессия, қонақүй нөмірінен, гример бөлмесіндегі, сондай-ақ оның қытай тілін қалай үйреніп жатқан кадрлары көрсетіледі.

 

Қытайлық әлеуметтік желілерде, БАҚ-та қазақстандық әншінің сахна сыртындағы өмірінен фотолар жарияланды.      

Еске салсақ, Қытайда «Singer» байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген екі апта бойы Аспан асты еліндегі 10 ең атақты жұлдыздар (әншілер ғана емес, басқа да актерлер, жүргізушілер және т.б) рейтингін бастады.  Онда оның есімін Интернетте жиі іздеу, ол жайлы мәлімет іздеу, видеосын көру, телевизиялық рейтингін есепке алады.      

Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы сенсациялық танымалдылығы туралы мысал келтірсек, Қытайдағы жанкүйерлердің бірі құмды анимация әдісімен түсірген видеороликті бір аптадан аз уақытта 5 млн-нан астам адам тамашалаған. Фанаттары оған сезімдерін білдіріп, түрлі хаттар жазып, сыйлықтар жолдауда. Оны әуежайда, қонақүйдің алдында аңдып жүреді. Бойжеткендер әлеуметтік желіде көптеген фан-арттар мен сүйікті орындаушысының құрметіне түрлі көрсетілімдер жариялауда.     

 Бүгін, Астана уақыты бойынша 20.30-да Hunan.TV телеарнасының эфиріне төртінші турдың жазбасы көрсетіледі. Онда Димаш Құдайбергенов «Күзгі мұң» әнін қытай тілінде акцентсіз орындап, үшінші орынды иеленген.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар