Ауру айтып келмейді. Аяқ астынан келген ауыр науқасқа шалдыққан Қытайдың Санжы облысында тұратын қандасымыз Қайсар Қабікенұлы көмекке зәру. Аққан ауруына(Лейкоз) душар болған қандасымыз үстіміздегі жылдың 4 ақпаны күні емханаға түскен. Тек қолындағы аз ғана малына сүйеніп күн көріп отырған отбасын ауыр жағдай шарасыз күйге түсіріп отыр.
8 емдеу басқышын қажет ететін қатерлі ауру түрінің әрбір емдеу басқышына 100 мың қытай юань (17 мың АҚШ доллары көлемінде) қаражат жұмсалады. Мұндай көлемді қаражатты табу қарапайым отбасы үшін өте қиынға соғып отыр.
24 жастағы атпал азаматтың өмірін құтқарып қалуға отбасы мүшелері Қазақ еліндегі ақжүрек азаматтардан көмек сұрайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қазағымыз. Көп болып көмек жасап, қазақтың бір жас жігітіне жаңа өмір сыйлауға қол ұшын беріңіз!
Байланыс телефондары:
Ерғабыл Майлыбай: 8 778 176 67 77
Нәжәтбек Нұрсапаұлы: 8 707 753 53 63
Казком:
5101 4513 2254 4216
ИИК (IBAN):KZ21926020PN02610044
Киви кошелек: 8 771 470 47 18
Пікір қалдыру