“I am a Singer” жобасының төртінші кезеңінде Димаш Құдайбергенов гонконгтық әнші әрі актер Джеки Чунның танымал «Күзгі мұң» әнін қытай тілінде орындады.
«Тынбай жаттыққанының арқасында Димаш әнді қытай тілінің сегізінші деңгейінде (HSK деңгейін тексеруге арналған бірегей емтихан) орындады», – деп жазады Қытай басылымы.
Туынды махаббат пен айырылысу жайында.
“Үнсіз уәдеңді есте сақтағыныңды қалаймын, мен жалғыздықтан қорықпаймын, тек сен жалғыз қала ма деп үрейленемін”, – дейді ән мәтіні. “Күзгі мұңның” авторы әрі алғашқы орындаушысы Джеки Чун Хок-Яу (Jacky Cheung) қазір 55 жаста. Оның ән әлеміндегі атақ-абыройы 1984 жылғы ән байқауынан кейін шарықтады.
Пікір қалдыру