«Ең әдемі қылмыскерді» көруге асыққан жұрт Нью-Йоркке жиналды

/uploads/thumbnail/20170709211143896_small.jpg

«Ең әдемі қылмыскер» атанған Джереми Микс Нью-Йорктегі сән апталығында өнер көрсетіп жүр. Түрмеден шыққаннан кейін ол модель болып жұмысқа тұрған деп хабарлайды  JoInfo.ua.

Джереми түрмеге отыруы сұлулық әлеміне келуіне себепші болады деп ойлаған емес. 31 жасар жігіт қылмыс әлемінен сән әлеміне тап болды. Джеремиді әлемге танытқан әлеуметтік желі болды.

Қазір Джереми Нью-Йорктағы сән апталығына қатысуда. Оның сымбатты денесіне брендтік киім әдемі жараса кетті. 31 жасар жігіттің подиумнан жүріп өткенін көру үшін Мадонна, Пэрис Хилтон, Кайли Дженнер және т.б белгілі адамдар келді.

Барлығы қару жарақ сақтап келген қылмыскердің фотосын жариялаудан басталды. Оның фотосы әлеуметтік желіде жарияланып, кеңінен таралды. Он мыңдаған адам бір уақытта ұнату тетігін басып, фотоның астына қылмыскердің бет әлпетіне қатысты пікірлер жазды. Осылайша «ең әдемі қылмыскер» атанды.

Моделдік агенттіктер оны түрмеде отырған кезінде-ақ жұмысқа шақыра бастады. Сымбатты жігіт екі агенттікпен келісім шартқа отырып, реалити-шоуға шақырту алды. Өткен жылдың наурыз айында түрмеден босатылғаннан кейін White Cross агенттігімен жұмыс істей бастады. 

Қатысты Мақалалар