АҚШ-та 3 миллионға жуық адамдар далада тұрады. Олардың ішінде 57 жастағы Джон Лохлэн Филадельфиядан келген. Осы жылдардың ішінде ол адамдарға деген сенімін жоғалтқан, өйткені олардың оған деген көзқарасы үнемі жағымсыз болатын.
Джонға, тіпті, оқ атады. Оны көлік те қағып кеткен. Сол көлік апаты оқиғасында омыртқасын сындырып алады.
Денесінің төменгі бөлігіне инфекция таралып, ер адам біраздан бері аяғына тұра алмайды екен.

Джон күнде әдеттегідей оянып, қайыр сұрайтын бұрышына дейін барып, кеш батқанша сол жерде отырады... Уақыт өте келе, ол адамдарға деген сенімін толығымен жоғалтып алады.
Бірақ бір күні оған бір әйел адам келіп, оның шашын қырқып беруге ұсынады. Ер адам алғашында онымен байланысқысы келмей, қарсылық танытады, бірақ әйел адам оған тағы да келетінін ескертеді. Джон ойынан айнып қалуы да мүмкін ғой.
Ол әйелдің есімі – Лолли. Ол баспанасыздарға көмектесетін орталықта жұмыс атқарады. Баспанасыздардың өмірлерін кішкене болса да жеңілдету үшін шаштарын алады, жататын орын мен киім әкеліп береді. Әйтеуір, Джон шашын алдыруға келісім береді. Процедура барысында Лолли оның аяғында бір кірбің барын байқайды. Сөйтіп ер адам өзінің басынан өткен жағдайды айтып береді.

Әйел адамға Джонмен араласқан ұнап қалады. Ол оған соңына дейін көмектесуді жөн санайды. Емін бастау үшін Джонды ауруханаға жеткізеді. Бірнеше күннен кейін ол өз аяғымен жүруді үйрене бастайды.

«Мен ешқашан бөтен адамға осыншалықты бауыр басып қаламын деп ойламаппын. Тіпті, қазір ол менің досым болып қалады!», - дейді Лолли.

Кей-кездері өз қара басымызды ғана ойлауды қойып, жағдайы мүшкіл жандарға да қол ұшын созып тұру қажет. Лолли мен Джонның оқиғасы – осыған ашық дәлел!
Аударған: Гүлім Жақан