2017 жылы 13-18 ақпан күндері арасында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев халық алдында есеп берді деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
2017 жылы 13 ақпанда Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың 30 округ тұрғындарымен есептік кездесуі болып өтті.
Кездесуге тұрғындар, денсаулық, білім беру, қоғамдық орындар, кіші және орта бизнес өкілдері, ПИК, зейнеткерлер, ардагерлер, қалалық және аудандық қызметтердің өкілдері қатысты.
Медеу ауданының әкімі Е.Ж.Жылқыбаев №30 округ тұрғындары алдында 2016 жылдың аудандағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен 2017 жылдың жоспарлары жөнінде, елімізде өткен реформаларды жүзеге асыру және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндама жасады.
Кездесуде тұрғындар тарапынан Диваев көшесіне асфальт жабындысын төсеу, «Тазалық» ПИК жұмысы, Бөгенбай батыр көшесіне арық жүйесін жүргізу, аудан аялдамаларында транспорт белгілерін қою, аулаларда бейнекамералар орнату жөніндегі сұрақтар көтерілді. Өз кезегінде аудан басшысы көтерілген сұрақтар жақын арада өз шешімін табатындығын мәлімдеді.
Кездесуді қорытындылай келе тұрғындар қалада және ауданда өткен әлеуметтік-экономикалық реформаларға оң нәтижесін берді.

2017 жылдың 14 ақпанында Оқушылар сарайында 29 округ тұрғындары алдында аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың есеп беру кездесуі болып өтті. Кездесуге аудан қызметтері мен мекемелерінің басшылары және аудан тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Е.Жылқыбаев тұрғындар алдына шығып, өткен жылдың атқарылған жұмыстарының қорытындыларымен таныстыруды жалғастырды. 2016 жылы 37 км-ден аса, яғни 92 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Шашкин, Горновосточная, Ж.Омарова, Қайырбекова, З.Космодемъянская және т.б. көшелер.
Олардың 27 км аудан аймағына қосылған «Сұлусай», «Көлсай», «Аққайың» ықшам аудандарының жолдары жөндеуден өтті. Көптен күткен 2 км қашықтықтағы Төле би көшесі бойымен Қайырбеков көшесінен шығыс айналма жолына дейін жол айрығы ашылды.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдар қашықтығы 288 км құрады.
11 учаскеде (Арықов, Потанин, Қонаев, Қалдаяқов, Райымбек, Ескендіров, И.Қоңыр, Талғар тас жолы, Фурманов/Жібек Жолы, Қонаев/Әлімжанов көшелері) көктем мезгілінде жолдар мен тұрғын үйлер маңында су деңгейі көтерілген болатын, жауын суы мен еріген қар суларының ағызуын жақсарту мақсатында арық жүйелеріне жалпы қашықтығы 2,4 км болатын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қылмыс деңгейін төмендетуге ерекше көңіл бөлініп отыр.
Бүгінгі күні «Қауіпсіз аула» жобасы аясында 2 мың бейне бақылау құрылғылары қойылды. Аудан бойынша тұтас алғанда 10 мың бақылау құрылғысы қойылған. Биылғы жылы бұқара жиналған орындардың барлығына бейне бақылау орнату бойынша жоба басталып отыр (саябақтар, скверлер, алаңдар және т.б.).
Жол жөндеу, балалар ауласы, көшелерді жарықтандыру, жол өткелдері - аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың 2017 жылдың 15 ақпанында өткен 28 округтің тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуіндегі ең негізгі сұрақтар болды. Шараға қалалық мәслихаттың депутаты М.Әділханов, аудан қызметі мен құрылымдардың басшылары мен тұрғындар қатысты. Аудан басшысы Ержан Жылқыбаев 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараттан бастады. Ол - өнеркәсіп, құрылыс, көріктендіру, әлеуметтік сала және мәдениет салалары жөніндегі мәселелер. Баяндама мен слайдтағы көрсеткіштер ауданда көптеген істер жасалғанын куәландырады. Есептік кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, күрделі мәселелер бақылауға алынып, мүмкіндігінше шешімін табатын болады.

16 ақпан күні «Алатау» ықшам ауданында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың қорытынды есептік кездесуі болып өтті. Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ә.Нәбиев, қалалық және аудандық қызметтердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, тұрғындар, білім беру, денсаулық сақтау салалары және қоғамдық ұйымдар қатысты.
Аудан басшысы Е.Жылқыбаев «Алатау» ықшам ауданы тұрғындарының алдына ауданның 2016 жылдың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және 2017 жылға арналған жоспарлар, өткен реформаларды жүзеге асыру мақсатындағы міндеттер мен негізгі бағыттар туралы және де Елбасының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау барысы туралы баяндама жасады.
Кездесудегі негізгі мәселелер жол жөндеу, тұрғын үй мәселелері, ықшам аудандағы көше жарықтары, аулалар мен балалар алаңдарын көріктендіру, сондай-ақ қоғамдық көлік кестесі мәселелеріне байланысты болды.
Медеу ауданының әкімі Е.Ж.Жылқыбаевқа тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауаптар сол жерде берілді, ал күрделі сұрақтарды шешу үшін әкім өзінің жеке бақылауына алды.
2017 жылы 17 ақпанда Қазақ мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың 30 округ тұрғындарына есеп беру кездесуі жалғасын тапты.
Есептік кездесу жұмысына Алматы қалалық мәслихат депутаттары Ә.Нәбиев және Б.Садықов, білім беру, денсаулық сақтау салалары, қалалық және аудандық қызметтер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі «2016 жылдағы Медеу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2017 жылға даму перспективалары туралы» баяндамасымен халық алдына шықты.
Ары қарай, өткізу тәртібіне сәйкес тұрғындардан ескертпелер мен ұсыныстар қабылданып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді, сондай-ақ түскен ескертпелер мен ұсыныстар бақылауға алынды.
Барлығы – әлеуметтік сипаттағы сұрақтар түсті, олар: жол жөндеу, аялдама кешендері мен жаяу жүргіншілер жолын салу, көше тазалығы, қоғамдық көліктер, спорт алаңдарын салу және т.б.
Медеу ауданында 2017жылы Мемлекеттік жеке серіктестік аясында Думан және Көктөбе сынды ықшам аудандарында жекеменшік 20 бала бақша ашылатын болады. 2016 жылы жекеменшік 24 бала бақша ашылыпты!