Қытайдың sina.com сайты weibo парақшасына «Singer-2017» ән байқауына қатысып жатқан Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің барабан аспабында өнер көрсеткен видеосын жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Жанкүйерлер Димаштың өнеріне тәнті болып, нағыз талант иесі, сегіз қырлы бір сырлы жігіт деп баға берген. Ал 1 наурыз күні кеште жүктелген видеоны тамашалаған адамдар саны 400 мыңға жақындаған.
Айта кетерлігі, Weibo әлеуметтік парақшасында Димаштың пианинода және Домбырада көрсеткен өнеріне Қытайлық жанкүйерлері ерекше тәнті болған. Ал жобаның алтыншы кезеңінде Димаш өзі пианинода ойнап, Лара Фабианның «Adagio» әнін айтқан болатын.

Бұл күнде Димаштың Weibo әлеуметтік парақшасына тіркелушілер саны 2 миллион 500 мыңнан асты.

Еске сала кетейік, отандасымыз байқаудың жетінші кезеңінде Қазақ ұлттық аспаптар өркестрінің сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін айтады. Сондай ақ, Димаш сахнада домбырамен өнер көрсететін болады.

Жетінші кезең эфирден 4 наурызда көрсетіледі.