Қытайдың қыздары Димаштың қарны ашып қалмасын деп арнайы Қазақстаннан қазы-қарта алып келген

/uploads/thumbnail/20170709223405706_small.jpg

Димаш Құдайбергеннің продюсері, PR мен медиа менеджері Алпамыс Шаримов инстаграм парақшасында қуанышы қойнына сыймай қытай фанаттарының Димашқа жасаған тосынсыйы жайлы жазыпты деп хабарлайды «Қамшы» порталы. «Димаштың жанкүйерлері күннен-күнге таңқалдыруларын қоймайды. Расымен, мақтанға салынбайықшы деп көп тосынсыйларды жариялай бермейміз. Бірақ, бүгінгісі ерекше! Қытай фанаттары арнайы Қазақстанды зерттеп, виза ашып, елімізге барыпты. Димаштың қарны ашып қалмасын деп қазақ ұлттық тағамдарын дайындап, бүгінгі түскі аста бізді таңқалдырды. Қазы-қарта, тары-талқан, құрт-май, жеміс-жидек бәрі бар! Жырақта жүрген жан үшін бұл тағамдардың орны ерекше екені сөзсіз! Қорап-қорап сыйлық. Әлі ашып та үлгермей жатырмыз! Барлығы әншісіне деген ниеті ғой жанкүйерлердің. 
Жалпы, Димашқа арналған фан-топтар көп. Бұл #DimashSisters яғни "Димаштың қарындастары" атты фан топтың сыйлығы. Қиялдарында шек жоқ қой шіркін!? Қандай керемет!.. Димаштың атынан барша #DimashSister фан тобының қыздарына алғыс білдіремін! Бүгін біз расымен де ауылға барып қайтқандай болдық!!! Раxмет, Dears!» деп ағынан жарылды Алпамыс.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар