Жұмаш Кенебай. «Наурыз! Көктем, Жүректе!»

/uploads/thumbnail/20170709223535887_small.JPG

АЯЛАЙ БІЛ... 

Қазақ қызы, ертең - жар, ертең - анаң, аяулың,

Түспегені абзал ғой, жүрегіне қаяудың.

Қазақ қызы, Ұлтыңның айнасы ғой, айнасы,

Бүгін, оны қолдасаң, ертең тиер пайдасы.

  


Қазақ қызы, алау гүл, жарқыраған көктем ғой,

Жүрегіне сұлудың, дала гүлін еккен ғой.

 Қазақ қызы, қашан да мақтанышың болады,

Сұлулармен жігіттің жаны нұрға толады.

  


Қазақ қызы, Ұлтыңның ертеңі ғой, ертеңі,

Қазақ қызы, көркем ол, ертегі ғой, ертегі!

Сыйлаңдаршы сұлуға, Жақсылықты аямай,

Қазақ қызын, аялай, біліңдерші, аялай!..

  


КӨКТЕМ СҰЛУ, КЕЛЕДІ...

 

...Алдым сондай деректі,

Дерек және керекті.

Алматыға таяпты,

Көктем ару желекті.


Жолда дейді, кешелі,

Сондай сөздер еседі.

Алтындатқан күймемен,

Келе жатыр деседі.

  


«Аспандағы күн ,сұлу»,

Даламдағы гүл, сұлу.

Алтындатқан күймеде

Отыр дейді, бір сұлу.

  


Сондай көркем жамалы,

Сүйген жандар, жаралы.

Оның көркі, көргенді

Мүлдем естен алады.

  


Желк-желк етіп, желегі,

Келе, сәлем береді,

Көктем сұлу, Қазақтың

Даласына келеді.


Қозып барлық делебе,

Уақыт, жылдам желе ме?

Көктем сұлу, Қазаққа,

Бақыт алып келе ме?..


«АСАУҒА, ТҰСАУ, КІМ ЕКЕН?..

  

Шынында да, қыздың жаны нәзік, ә,

Домбыраның ішегіндей жіңішке.

Аруларға жүрмейді еш базына,

Сұлулардың саған айтар, сыры іште...

  


Бәрі мәлім, ол аруға сырыңның,

Бере салған табиғаттың сыйына.

Бәрі жатыр, жанарында сұлудың,

Тырысса да, жасыруы қиын, ә?


Бір-ақ сәтте, бай қылатын жарлыны,

Іренжіссең, ол тағдырдың сұмдығы – У.

Сұлулардың жүрегінде барлығы,

Ал, қиын-ау, ол жақтағы сырды ұғу.


Ол белгісіз, «тұсау болған, асауға»,

Ол белгісіз, ғашық болған кім, кімге?

Біз Қазақтың аруларын қашан да,

Алақанға салып жүру, мүмкін бе?..

 

 

Жұмаш Кенебай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар