Балғынбек Имашев: Әйелімді қатты қызғанатыным сонша, тіпті, төркініне менсіз бармайды

/uploads/thumbnail/20170709224223505_small.jpg

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев әйелін қатты қызғанатынын, сондай-ақ, тіпті, төркініне де өзінің рұқсатынсыз жібермейтін көрінеді.

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Қызғаншақтықтың адам денсаулығына кері әсерін тигізетінін ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. Мәселен, шектен тыс қызғаншақ жандарда бас ауруы, асқазан ауруы және де ұйқысыздық жиі мазалайды екен. Ал неміс ғалымдары жер бетіндегі халықтың 95℅-ында қызғаныш сезімінің бар екенін айтып отыр. Осы орайда, айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзін осы көптің қатарына жатқызатынын айтып өтті.

«Сөз жоқ, қызғаншақпын. Өте қызғаншақпын. Бірақ туған-туысқандарына жіберіп тұрамын. Жұбайым сыртқа көп шыға бермейді. Өзі 10 баланың арасында өскен, анасының да берген тәрбиесі өте жақсы. Төркініне жіберсем, «Әкем-шешем маған күйеуіңсіз келме деп айтқан» деп жалғыз бармайды. Сол себепті екеуіміз бірге барамыз», – дейді Балғынбек Имашев.

Ал психолог Венера Тельжан өз кезегінде қызғанышқа бой алдырмауға кеңес берді. Мұнымен қатар, әйелдердің ерлерге қалай дұрыс қызмет қылу керектігі туралы айтып өтті.

«Қазіргі тұрмыс құрып жатқан жастарда сабыр жоқ. Бір-бірін түсінісуге тырыспайды. Өйткені адам сабырлы болуы үшін оның денесі, сана-сезімі, тұлғасының барлығы дұрыс болуы тиіс. Адам күнделікті өмірде психо-эмоционалдық қиындықтар көреді. Оны артынша отбасына алып келеді. Отырып алып осының барлығын күйеуіне жібереді. Әйелдерге «Сіздер күйеулеріңізге қызмет жасаңыздар, сыйлаңыздар» деп айтып отырамын. Олар өз кезегінде жолдастарының еркелеп, құтырып кеткенін айтады. Осы тұста қызмет қылу мен өзіңді төмендетудің арасын дұрыс ажыратып алу керек. Оның барлығы айналып келіп қайтадан өзінің эмоциясына әсер етеді. Қайтадан қызғана бастайды», – дейді маман.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар