«Білім-Инновация» лицейлері (ҚТЛ) ата-аналары Елбасына ашық хат жазды

/uploads/thumbnail/20170709224301583_small.jpg

 

Аса құрметті Елбасы!

 

Сіз іргетасын қалаған модерн Қазақстанды болашаққа бастайтын сарабдал саясатыңыздың бірден-бір қолдаушылары «Білім Инновация» лицейлері (ҚТЛ) ұжымы мен ата-аналары. Алғаш қоңырауын Өзіңіз соққан білім ордаларына деген ықыласыңыз бен әрдайым көрсетіп жүрген қолдауларыңыз үшін алғысымыз шексіз. 

 

Аса мәртебелі Елбасы! 

Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныктың 2 наурыз күнгі БИЛ-дер  туралы  мәлімдемесі балаларымыз бен ата-аналардың көңіліне қаяу салып қана қоймай, бізді қатты қынжылтты. Бейбітшілік пен достықтың алтын діңгегі Қазақстанда орын алған бұндай арандатушылық, қаймағы бұзылмаған қоғамға іріткі салып, егемен еліміздің ішкі ісіне тікелей араласу деп санаймыз.

Түркия елшісінің бұл қылығы осыменен екінші рет қайталануда. Оқу жылының басталар алдында дәл кешегідей мәлімдемесімен қоғамды дүрліктіргені Өзіңізге мәлім. 

 

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Білім-Инновация лицейлерінің ата-аналары ретінде Сізден Түркияның елшісі Невзат Уяныктың бұндай орынсыз әрекеттерінен балаларымызды, білім ошақтарын және ширек ғасырлық жастық шағын Қазақстанда өткізген түркиялық кінәсіз ұстаздарымызды қорғауыңызды сұраймыз.  Өйткені елшінің әрбір мәлімдемесі бізді қатты алаңдатумен шектелмей, балаларымыздың оқу үлгеріміне кері әсерін тигізіп отыр. Бүгінгі күнге дейін көрсеткен көшбасшылық көрегендігіңізбен қорған болып, алаңкөңілімізді орнықтыратындығыңызға шүбәміз жоқ. 

Отанымыз Қазақстанға бейбіт-даму, Cізге зор денсаулық тілейміз!

 

Құрметпен: «Білім-Инновация» лицейлері (ҚТЛ) ата-аналар қауымы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар