Болашақта жойылуы мүмкін мамандықтар

/uploads/thumbnail/20170709224427429_small.jpg

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болашақта қай мамандықтардың жойылуы мүмкін екенін айтты. Бұл жайында Tengrinews жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Министрге үкіметтегі баспасөз конференциясында жаңғырту бағдарламасына байланысты қай мамандықтардың алынып тасталатыны және қай мамандықтардың қажеттілігі артатыны жайлы сұрақтар қойылды.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, болашақта көмір өнеркәсібі саласы алып тасталуы мүмкін.

“Қазір қарап отырсақ, бізде паровоз өндірісімен ешкім айналыспайды. Мұндай сала да жоқ. Сондай-ақ, хатшы-машинист мамандығы жоқ. Бұрын олар машиналарда басып шығару ісімен айналысатын. Ал бүгін біздің күнделікті өмірімізде компьютердің рөлінің артқаны соншалық – көмір өнеркәсібі саласындағы мамандарды дайындамайды. Бүгінде бізге қай салалар керек? Біз үлкен жұмыс тобын құрдық. Көмір өнеркәсібін алып тастауымыз мүмкін. Иә, қазір Еуропада көмір өндірісімен айналысатын шахталар көп. Мен осы мәселе бүгін немесе ертең шешіледі деп айта алмаймын. Бұл мәселе 20 жылдай қаралуы мүмкін. Сондықтан біз бүгін көмір өнеркәсібі саласындағы барлық мамандық бойынша жұмыс істеуіміз керек”, – деді министр.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа технологиялар жұмыс күшінің орнын басып жатыр.

“Ол жерде бұрын 10 адам жұмыс істеу керек болса, қазір онда тек бір адам жұмыс істеп жатыр. Себебі, барлық жұмыс компьютер арқылы істеліп жатыр. Осыған байланысты екі бағытта жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, тау кенді игеру өнеркәсібіне жаңа технологияларды енгізу мәселелері де қарастырылып жатыр”, – деді Тамара Дүйсенова.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар