Трагедия! Тілімізді өз қолымен өлтіріп тастаған

/uploads/thumbnail/20170709224416725_small.jpg

Неге осы грузиндер грузин акцентімен мақтанады? Өйткені олар тоғыз жасқа дейін балаларын грузинше оқытады. Осының арқасында қазір Грузияда екінің бірі ағылшынша біледі. «Орыс әлемінің» езгісінен де бірінші болып солар шықты. Жапондар неге мықты? Жапондар бастауыш сыныпта балаларына ешбір тілді араластырмай таза жапонша білім береді екен. Фундаментін қалыптастырып алады! Ал бізде керісінше орысша акцентсіз сөйлегеніне мақтанады. Бұл мақтаныш емес, трагедия! Олар тілдің иммунитетіне суицид жасап, оны өз қолымен өлтіріп тастаған. Мәңгүрттердің қазақша мас адамдай сөйлейтіні содан. Сен орысша сөйлейтін мазақтың (қазақ емес) қазақша бір сөзді тілін бұрамай (бұзбай) айтқанын көрдің бе? Жоқ! Себебі олар енді қайтып қазақтана алайтындай болып орыстанып кеткен. Орысша айтқанда, обреченные! Бүкіл әлемде ең алдымен ана тілін оқытады. Ана тілін білмеген адамды мәдениетсіз санайды. Біздегідей бастауышта бірнеше тілді тықпалап, бүлдіршіннің миын ашытып жатқан ешкім жоқ. Біздегілер баланың емес, болашақтың миын ашытып (дүбәралай түсіп) жатыр. Сондықтан бастауыш класта тек қана қазақ тілінде білім беру керек. Фундаменті дұрыс болмаса үй де құлап қалады ғой. Ал оқушының фандаментін дұрыс қалыптастырмасақ, ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз...
 

Жолымбет Мәкіштің Фейсбук парақшасындағы жазбасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар