Ірі банк орталықтары қазақстандықтарға ескерту жасады

/uploads/thumbnail/20170709224514210_small.jpg

Kaspi, Halyk Bank, Қазком, Астана банкі және Жинақ банкі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады, деп хабарлайды tengrinews.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Екінші дәрежелі банк орталықтарының мәлімдеуінше, халықаралық кибермошенниктер қазақстандықтардың банк есебінен ақша жымқырудың жаңаша әдісін ойлап тауыпты. Алайда қаржы институттары банкілердің онлайн-сервистері бұзып кіруден жақсы қорғалған.

Банк орталықтары сол себепті де қылмыскерлерге кедергі жасап үлгерді. Кейбір банкілер тұтынушыларын сақтандыру мақсатында интернет арқылы ақша аудару ісінде қаржыға белгілі мөлшерде шек қойған. Алайда қаскөйлер алған беттерінен қайтар емес, олар кез келген жолмен тұтынушылардың логині мен құпия сөзін біліп алуға талпынуда.

Қазақстандық банк қызметкерлері алаяқтар өз ойларын қалай жүзеге асыратыны жайлы айтып берді. Белгілі болғандай, тұтынушы өзіне келген сілтемені ашып, ішіндегі ұсыныстарды көреді де, белгісіз папкаларды ашады, кейіннен вирустан қорғалмаған USB-флешкаларды пайдаланады. Мұндай жағдайда оның компьютеріне немесе телефонына вирус еніп кетуі мүмкін. Сол вирустардың көмегімен тұтынушылардың логині мен құпия сөзі алаяқтардың қолфна тиеді.

Одан бөлек алаяқ қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстыруы мүмкін. Сонан соң тұтынушыға өзінің жеке мәліметтерін айтып беруін сұрайды да, сол арқылы оның қаржылық ақпараттары мен тұтынушының жеке шотына тікелей жол табады.

«Мұндай жағдайда банкілердің техникалық қорғанысы тұтынушылардың жеке шотын қорғай алмай қалады. Сол себепті де тұтынушыларымызға өздерінің жеке мәліметтерін ешкімге де тіс жарып айтпауларын өтінеміз және де бұл мәселеге барынша жауаптылықпен қарауға шақырамыз. Солай жасаған кезде ғана біз алаяқтардың ісіне бөгет келтіре аламыз», - деп мәлімдейді банк қызметкерлері.

Аударған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар